"Көмек-адам саудасы құрбандарының уақытша
тұратын орталығы" "Қорғау-Астана" ЖҚ жанында

Біз сізге көмектесеміз:
сенім телефоны: 1409
(қоңырау шалу тегін)

Жаңалықтар

25.01.2015

Алматыда 27-жастағы әйел өзінің жаңа туған сәбиін «сатуға қойған»

Алматы облысының Іле ауданының 27 жастағы тұрғын әйел өзінің баласын сатуға қойған. Әйел өзінің қызын өткен жылдың 19 желтоқсанында Алматының перзентханаларының бірінде туған, деп хабарлады Алматы қаласының ІІД-нен Zakon.​kz.

Алматыда 27-жастағы әйел өзінің жаңа туған сәбиін «сатуға қойған»

Алматы облысының Іле ауданының 27 жастағы тұрғын әйел өзінің баласын сатуға қойған. Әйел өзінің қызын өткен жылдың 19 желтоқсанында Алматының перзентханаларының бірінде туған, деп хабарлады Алматы қаласының ІІД-нен Zakon.​kz.

«Д деген азаматша әуел бастан-ақ баласын өзінің коммерциялық мақсатына пайдаланбақ болған. Жүктілік кезінен бастап ол өзінің баласына әлеуетті ата-ана іздеумен болған. Балалы болғысы келген жалғызілікті әйел де табыла кеткен. Қызын 180 мың теңгеге бағалаған. Екі әйел арасындағы сауда кешкілік жеті шамасында жасалды. Осы кезге бізде әс-әрекетіміздің нақты жоспарлары жасалды», -дейді Алматы қаласының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Танат Назанов.

Әйел өзінің қылмыстық әрекетін бірден мойындады. Оның айтуынша, ол баласын сату арқылы өзінің материалдық жағдайын жақсартпақ болған.

«Қылмыстық әс жүргізушілік заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес осы факті жедел түрде сотқа дейінгі тергеу тізіліміне енгізілді. Одан әрі күдіктіден сұрау алынды. Оның ­айтуынша, ол бұрын екі рет босанған, бірақ балаларын сол перзентханада бас тартып тастап кеткен. Бқл ақпараттың шынайылығын тергеу көрсетеді. Бұдан басқа тергеу шеңберінде осындай жантүршігерлік қылмыстың нақты себебі анықталатын болады Ол кәмелетке толмағандарды сату деп аталады және ҚР ҚК 135-бабының нормаларымен регламенттеледі», - деп түйіндеді пол­ков­ник На­за­нов.


Источник:  http://incident.zakon.kz/4684334-27-letnjaja-zhenshhina-vystavila-na.html

Возврат к списку