"Көмек-адам саудасы құрбандарының уақытша
тұратын орталығы" "Қорғау-Астана" ЖҚ жанында

Біз сізге көмектесеміз:
сенім телефоны: 1409
(қоңырау шалу тегін)

Жаңалықтар

23.01.2015

ЖАС ӘЙЕЛДЕРДІ ШЕТЕЛДЕГІ ЖЕЗӨКШЕЛІКТЕРГЕ

Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері бірнеше ай бойы жедел операция жүргізді.  ЖАС ӘЙЕЛДЕРДІ ШЕТЕЛДЕГІ ЖЕЗӨКШЕЛІКТЕРГЕ

Нәтижесінде құқық қорғаушылар шетелде жезөкшелікпен айналысуы үшін жас қыздарды арбаушы қылмыстық топты ұстады.

ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлеріне келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес өңірде алыс шетелдерге жезөкшелікпен айналысу үшін жас әйелдерді тартумен айналысатын топ бары белгілі болды.

Бұл қылмыстық топ Талдықорғанда, сонымен қатар басқа өңірлерде де әйелдерді арбау жүргізген. Іріктеудегі басымдық еуропалық ұлтты сары шашты қыздарға берілген. Қыздарды іздеп табу мен делдалдық үшін қонақ үйлер мен сауна әкімгерлеріне 300-400 АҚШ доллары көлемінде ақы төлеп тұрған.

Операцияның соңғы екі кезеңінде полиция қызметкрелері күдікті адамдарды қылмыс үстінде, яғни Талдықорғаннан әкелген екі қызды шетелге жіберу кезінде қолға түсірді. Қазіргі уақытта адам саудасы мен трафигі үшін ҚК 128-бабының 3-тармағы «Адам саудасы» бойынша қыдмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша күдікті деп танылған үш адамның екеуі қамалды. Полицияның айтыуынша, үшінші күдікті заңсыз мәмілелелрді қаржыландырып келген, әзірге шетелді жүр. Оны ұстау уақыт еншісінде. 


Источник:  http://sapatk.kz/2015/01/verbovka-molodyx-zhenshhin-dlya-zagranichnyx-bordelej.html?_utl_t=fb

Возврат к списку