"Көмек-адам саудасы құрбандарының уақытша
тұратын орталығы" "Қорғау-Астана" ЖҚ жанында

Біз сізге көмектесеміз:
сенім телефоны: 1409
(қоңырау шалу тегін)

Жаңалықтар

02.02.2015

Астанада баланы автокөлікке айырбастамақ болды

Астаналық ішкі істер департаментінің қызметкрелері жаңа туған нәрестені автокөлікке айырбастамақ болған отбасылық жұпты қылмыс үстінде ұстады деп хабарлайды «Қазақапарат» АА.

Астанада баланы автокөлікке айырбастамақ болды

«Астана қаласының ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне жаңа туған нәрестелерін “Тойота Камри” маркалы автокөлігіне айырбастаушы отбасылық жұп туралы мәлімет келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілер туралы мәліметтер анықталды. Олар өзбекстанда туған 25 жастағы әйел мен оның 29 жастағы күйеуі болып шықты.

Нәресте 27 қаңтарда 3,8 кг салмақпен туылған. Екі күннен кейін отбасылық жұп автокөлікке басты сенімхатты ресімдеген және нәрестені беру кезінде қолға түсті.

Нәресте ауруханаға орналастырылды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әйел ешқайда жұмыс істемейді, ал күйеуі қаланың бір кәсіпорнында жұмыс істейді.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 135 бабының 2 бөлігі бойынша (Кәмелетке толмағандарды сату) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. 


Источник:  https://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/incident/20923621/?frommail=1

Возврат к списку