"Көмек-адам саудасы құрбандарының уақытша
тұратын орталығы" "Қорғау-Астана" ЖҚ жанында

Біз сізге көмектесеміз:
сенім телефоны: 1409
(қоңырау шалу тегін)

Балалар

11.jpg

Сіздің жасыңыз жеткілікті ме?

…жұмыс істеу үшін?

deti1.jpg

В Балалар құқығы жөніндегі Конвенцияда егер сіздің жасыңыз 18-ге жетпесе, онда сіз өзіңізге зиян келтіретін немесе сізді пайдалануға әкеп соғатын жұмыстарды орындауға міндетті емес екендігіңіз анық жазылған.





Зиянды жұмыс – бұл мынадай жұмыстар:


  • сіздің денсаулығыңызға және дамуыңызға зияын келтіретін
  • физикалық және көңіл-күй күйзелісіне ұшырататын
  • білім алуға кедергі келтіретін
  • демалуға және ойнауға мүмкіндік бермейтін.


Пайдаланушылық жұмыс – бұл мынадай жағдайлардағы жұмыс:


  • сізді бірдеңелерді мәжбүрлеп жасату
  • сізді сатып алады немесе сатады (балалар саудасы)
  • сізді жезөкшелік немесе порнографиялық мақсатқа пайдалану
  • сіз бедел мен құрметіңізді жоғалтасыз
  • сіз әділетсіз ақы аласыз.

Аталған жағдайлар бұзылмаған кезде сіздің жұмысыңыз өзіңізге лайықты деп есептеледі, ал Халықаралық еңбекті ұйымдастыру Конвенциясында күрделі емес жұмыстарды сізге 13 жастап бастап (немесе дамушы елдер үшін 12 жастан бастап) атқаруға рұқсат етілетіні айтылады, бұл тек сіздің оқуыңызға кедергі келтірмейтін жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс.
"Бала еңбегі" - бұл осы стандарттарға сәйкес келмейтін жұмыс түрлерін сипаттауда пайдаланылады.

…жыныстық өмір сүру үшін?

Ресми неке жасы - сіздің біреулермен жыныстық қатынасқа түсу туралы шешім қабылдауыңыз қай елде тұратындығыңызға байланысты әртүрлі.

Бұл ретте екі жыныс үшін белгіленген жастар туралы бірнеше мысалдар келтіре кетейік: Америка Құрама Штаттарының кейбір бөліктерінде немесе Египетте - 18 жас; Солтүстік Ирландияда - 17; Намибияда - 16; Швецияда - 15; Канадада - 14; Кореяда - 13; Мексикада - 12. Бірақ 16 жас – кеңінен таралған неке жасы екеніне еш күмән жоқ.

Неке жасына қатысты қандай да халықаралық нормалар немесе ұсынымдар жоқ, бірақ Балалар құқығы Конвенциясында сізде жыныстық зорлау мен пайдаланудың кез келген нысандарын қорғануға құқығыңыз бар. Сонымен қатар әлемдегі балалар құқығының сақталуына бақылау жүргізетін Балалар құқығы жөніндегі комитет ресми неке жасы халықаралық стандарттарға сәйкес келметін елдерде оны арттыруын бақылайды.

Бірқатар елдерде қыздар мен ұл балалар үшін және көптеген елдерде қазірге дейін тыйым салынған гомосексуалдар мен лесбиянкалар үшін де неке жасы бірдей емес.

deti2.jpg

Индиядағы неке рәсімі:
екі тұрмыстағы қыз (алдыңғы Жақтағы көріністе) өздерінің күйеулерін күтуде.
ЮНИСЕФ/
HQ95-0159/Шанкар фотосы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРТЕ НЕКЕЛЕР

Қазақстандағы ерте неке қию мысалдары жеткілікті.

Осындай бір жас әйел біздің репортажымызға арқау болды – ол Қызылорда қаласынан Назира Сабралиева, ол 14 жасында тұрмысқа шыққан, 15 жасында сәбилі болған. Сол кеде оның күеуі Саматқа 17 жас толған болатын. Қазір Назира 26 жаста, ол жеті баласын тәрбиелеп отыр. Тағы туғысы келеді. Бірақ бұл отбасы бөтеннің пәтерінде тұрады, өздерінің баспаналары жоқ. Назира әзірге жұмыс істемейді, медициналық колледжде оқиды.

deti3.jpg

Қызылорда тұрғыны
Назира Сабралиева балаларымен бірге
.

deti4.jpg

"Ерте некеге тұрудың залалы белгілі, қыздарды балалық шақтарынан ерте айырады, олардың дамуына, білім алуына кедергі келтіреді, денсаулықтарына зиян келеді. Сонымен қатар ерте жүкті болуға, сондай-ақ суицид әрекеттеріне әкеп соғып жатады. Өкінішке орай, Қазақстан суицид деңгейі жоғары елдер қатарынан көрініп, Литва мен Кореядан кейінгі үшін орынды алып отыр", - дейді Ұлттық комиссияның басшысы Абдықалықова ханым.

Қазақстанда кәмелеттік жас 18 жастан басталады. «Неке және отбасы туралы» Заңда осы 18 жас әйелдер үшін де, ер адамдар үшін де неке жасы болып белгіленген. Алайда дәлелді себептер болған кезде азаматтық хал актілерін тіркеу органдары жергілікті мемлекеттік тіркеу орны бойынша неке жасын екі жыдан аспайтын мерзімге шегеруі мүмкін.

Бір минут!


Тағы да екі-үш сәтті еске сақтау керек. Жас шамасына қарамастан, ешкім де мәжбүрлі жыныстық қатынасқа түспеуі тиіс. Неке жасының қандай мөлшері елімізде белгіленгеніне қараматсан, осы жаста міндетті түрде жыныстық өмір сүруді міндеттемейтінін есте сақтау қажет.

Сонымен қатар жыныстық қатынас арқылы жұғатынАҚТҚ/ЖҚТБменжәне басқа жұқпалы аурулармен байланысты өмірлік маңызы бар мәселелер бар. Сондықтан "Менің жасым жетті ме?", деген сауалдан басқа да сұрақтарды өзіңе қоя біл.

Шынымен мен дайынмын деп санаймын ба/а?

Маған бір жағдайлар/біреулер қысым көрсете ме?

Мен не істейтінімді білемін бе?

Мен әлеуеттік тәуекелді санаммен сезінемін бе?

Мен өзімді қалай қорғау керек екенін білемін бе?

Қорғанудың негізгі қағидаттарын есте сақта:


  • Жыныстық қатынас өмірінен тартыныңз немес оны кейін бастаңыз. Есте сақтаңыз: ең қауіпсіз секс - оған жол бермеу!

  • Өзіңіздің серіктесіңізге адал болыңыз: бір ғана адаммен жыныстық қатынаста болыңыз, АҚТҚ- мәртебесі сізге белгілі. АҚТҚ-ны жұқтырмас үшін барлық жағдайды жасаңыз, сақтаныңыз.

  • Презервативтер қолданыңыз. Әрбір жыныстық қатынас кезінде презерватив қолданыңыз.

……өз пікіріңді білдіру үшін?

Егер сізге дауыс беруге әлі ерте болса, сіздің жасыңыз өз пікіріңізді білдіруге жеткілікті болса. Сонымен қатар балалар құқығы конвенциясында сонда да сіздің өз пікіріңізді айтуға, сондай-ақ сізді айтақныңызды есітуіңізге құқығыңыз бар. Әсіресе, сіз сізге қатысы бар мәселеерге байланысты шешім қабылдау кезінде өз пікіріңізді білдіруге құқығыңыз бар, және оны сіздің жасыңыз бен даму деңгейіңізді ескере отырып, ескеруі тиіс. Сізде сондай-ақ топтар мен ассоциацияларға бірігуге құқығыңыз бар.

Кез келген процестің белсенді қатысушысы болудың немесе сіздің пікіріңіздің жария болуы үшін көптеген тәсілдер бар, мысалы соның бірі - БАҚ, сондай-ақ мектеп кеңестерінде сөз сөйлеу немесе оларды құру және егер бар болса жергілікті жастар парламентінің іс-шараларына қатысу.

…өз пікіріңді білдіру үшін?

Егер сізге дауыс беруге әлі ерте болса, сіздің жасыңыз өз пікіріңізді білдіруге жеткілікті болса. Сонымен қатар балалар құқығы конвенциясында сонда да сіздің өз пікіріңізді айтуға, сондай-ақ сізді айтақныңызды есітуіңізге құқығыңыз бар. Әсіресе, сіз сізге қатысы бар мәселеерге байланысты шешім қабылдау кезінде өз пікіріңізді білдіруге құқығыңыз бар, және оны сіздің жасыңыз бен даму деңгейіңізді ескере отырып, ескеруі тиіс. Сізде сондай-ақ топтар мен ассоциацияларға бірігуге құқығыңыз бар.

Кез келген процестің белсенді қатысушысы болудың немесе сіздің пікіріңіздің жария болуы үшін көптеген тәсілдер бар, мысалы соның бірі - БАҚ, сондай-ақ мектеп кеңестерінде сөз сөйлеу немесе оларды құру және егер бар болса жергілікті жастар парламентінің іс-шараларына қатысу.

deti7.jpg

«Казахстанская правда» жалпы ұлттық күнделікті газет фотосы
№ 439 (27258) 16.12.2012

deti8.jpg

Шығыс Тиморадан келген он сегіз жастағы Жозе Нью-Йорктегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысы барысында балаларға соғыстың әсері туралы
әңгімелеуде. ЮНИСЕФ/HQ02-0108/Маркиж фотосы.