"Көмек-адам саудасы құрбандарының уақытша
тұратын орталығы" "Қорғау-Астана" ЖҚ жанында

Біз сізге көмектесеміз:
сенім телефоны: 1409
(қоңырау шалу тегін)

Жалпы ақпарат

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бастамасымен «Қорғау-Астана» ЖҚ жанында «Көмек» адам саудасының құрбандарының уақытша тұратын орталығы құрылды. Орталықтың негізгі басым бағыты «адам саудасының құрбандары» анықтамасына жататын жәбірленген адамдар үшін уақытша тұруға орын ұсыну және құқықтық қорғау, медициналық, психологиялық және осылармен байланысты өзге де көмектер көрсету болып табылады.

Оңалту орталығы 24 адамға есептелген, олардың әрқайсысы жәбірленуші ретінде осында тұруға және жоғарыда көрсетілген қызметтерді 6 ай ішінде тегіс тегін алуға құқылы. Жәбірленушінің тілегі бойынша Орталықта тұру және оңалту курсынан өту мерзімі 9 ай мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін. орталықтың штаттық қызметкерлері – 7 адам. Олардың барлығы да жоғары білікті әртүрлі бейіндік мамандар: психологтар, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер. Олардың негізгі міндеті Орталықтағы жәбірленген адамдарды онда тұру, тамақтану және дәрі-дәрімектермен қамтамасыз ету, медициналық, психологиялық, әлеуметтік, заңгерлік және басқа да тұрмыстық көмектерді ұсыну, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Қорғау - Астана» ЖҚ мынадай жұмыстарды жүзеге асырады:


1. Адам саудасының құрбандарын қорғауға бағытталған негізгі қызмет түрлеріне жататындар:


1.1 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: қауіпсіз жерге орналастыру және тамақ өнімдерімен, киімдермен, тазалық құралдарымен қамтамасыз ету, психологиялық көмек көрсету.


1.2 денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізу (адам саудасының құрбандарында физиологиялық бойкүйездік және созылмалы аурулар жиі кездеседі): сауда затына айналып, қиын жағдайда тұрып әрі ауыр жұмыстарға жегілген жәбірленушілер , әдетте, медициналық көмек пен дұрыс толық тамақтанудан қол үзеді.


2. Құқытық көмек көрсету. Адам саудасының құрбандары төмендегі мәселелер бойынша ақпарат алу үшін кеңес алуды қажет етеді:


2.1 сот процесіне қатысу немесе оған қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдауда.

2.2 Келу мәртебесі туралы қойылуы мүмкін мәселелерде (яғни олардың заңды негізде елде уақытша немесе тұрақты болу мүмкіндігі бар ма және т.т.)


3. Әлеуметтік қызметтер: адам саудасы құрбандарының әлеуметтік қызметтер жүйесіне қол жеткізуден айырылған жағдайы да жиі кездеседі және олар жергілікті қоғам мүшелері мен туысқандары тарапынан байқалатын наразылықтарға кездеседі, бұл жағдай оларды одан әрі оқшаулануларына әкеп соғады. Осы проблеманы шешу үшін Орталықтың қызметкерлері жәбірленушілерге өздерін қолдарына алуына оң әсер ететін әлеуметтік қызметтер пакетін ұсынады. Олардың жоқшылық жағдайын ескере отырып, мұндай көмек олардың қалыпты өмірге қайта оралуында шешуші маңызы болады.

Орталықтың жұмыс істей бастаған кезінен бастап бізге жүзден астам келді. Біздің ұйым қызметкерлері жәбірленушілердің бір де біріне көмек көрсетуден ешқашан бастартқан емес. Барлығына да білікті көмек пен қолдау көрсетілді.